Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Таразда анасын тонаған қыз ұсталды

Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз ұсталды. Бұл туралы Paryz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Таразда анасын тонаған қыз ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Ұры пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple Watch сағатын ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды.

Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.