Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов өз ұлының алматылық ерлі-зайыптыны аяусыз ұрып-соққанын растады, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
«Ол кәмелетке толған. Иә, ол – менің ұлым. Ол барлық әрекеті үшін өзі жауап береді. Құқық қорғау органдары соңғы шешімді шығарады», - деді Дәулет Тұрлыханов.