Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан құлаған «Ренессанс» резиденциясының сәулетшісі әуежайда ұсталды

Хатай қаласында жер сілкінісі кезінде құлаған «Ренессанс» резиденциясының мердігері Мехмет Яшар Кошкун Ыстанбұл әуежайында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат түркиялық Hurriyet сайтына сілтеме жасап.

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан құлаған «Ренессанс» резиденциясының сәулетшісі әуежайда ұсталды
Фото: hurriyet.com.tr

Миллиондаған лираға «Аспан алаңы» ретінде сатылып, зілзала салдарынан қираған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкун шетелге қашпақ болған.

Сабах газетінің хабарлауынша, қирандысы қалған көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлері 1,5 миллионнан 3 миллион лираға дейін сатылған. Үйді салған ағайынды, сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчин Джошкун екені белгілі және олар із-түзсіз жоғалып кеткен.

Хусейн Ялчин Джошкунның Черногорияда екені анықталды. Олардың Antis yapı компаниясы штаб-пәтері 2017 жылы аталған елге ауыстырылған.

Үй құлағаннан кейін ағайынды Джошкунға қатысты тергеу басталып, қамауға алу туралы санкция берілді.

Бас прокуратураның бұйрығымен Газиосманпаши бригадалары Ыстанбұл әуежайында сәулетші Мехмет Яшар Джошкунды шетелге ұшқалы тұрған жерінен қамауға алды.