Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қазақстанның баспана саудасы күрт азайды

Елімізде өткен айда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 294  мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 879 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 18 415 мәміле жасалған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның баспана саудасы күрт азайды
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда  тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27,7%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 599 – 23,0%) және Астана (4 040 – 16,6%) қалалары әлі де көш бастап тұр.  Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 285 (1,2%).

Мәміле бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалған. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-43,1%), Абай (-42,0%) және Ақмола (-41,5%) облыстарында болды.

“2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7 618-ге азайған, олар бойынша қаңтар айында барлығы 18 415 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,8%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Қаңтар айында олардың 7 586-ы ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (63,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 6 214 мәміле жасалды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 22,2%-ға  (1 675 мәмілеге) азайып, 5 879-ды құраған. Сонымен қатар, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды”, – делінген хабарламада.