Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан курстасы Мирболат Құрмашев туралы айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аоэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Мирболат Құрмашевпен курстас болғанын жазды. Ол курстасының өте креативті, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, адамды ішкі жан-дүниесімен баурап алатын қасиетімен өзіне тартып, ұйымдастырушылық қабілетімен көп іс-шараны өткізіп, студенттер ортасында беделді де білімді болғанын айтты. Сосын дінге өте берік болғанын да атап көрсетті.

Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан курстасы Мирболат Құрмашев туралы айтты
фото: facebook.com

Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда, Мирус бауырымыздан айырылып қалдық. Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығымен адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді, – деді Мусин.

Оның айтуынша, курстасы министрлік Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда тегін, ешқандай келісімсіз қолынан келгенін істеп, көп көмектесіп, еліміздің IT-саласын дамытуға үлесі қосқан. Сонымен бірге, ол Мирболат Құрмашевтің елімізде бірнеше бизнес бастамалары болғанын, 2020 жылы бір-екі жобаны іске асырғысы келгенін айтты.

«Бірақ, мемлекет басшысы мені министр етіп тағайындаған кезде ол жобалардан өз еркімен бас тартты. Арамызда түсініспеушілік тудыратын жағдайларды болдырмау үшін мен идеяларымды шет елде жүзеге асырамын деді ол.

Мирус – жиһанкез болды. Ол біраз жерде болып, тұрақты жұмыс істеу үшін Түркияны таңдап, соңғы екі жылда сол жақта тұрып жатты. Президенттің Анкараға ресми сапарының алдында IT-мамандардың Түркияға барғанын бәріңіз де білетін шығарсыздар. Біз сол кезде оларды Ыстамбұлдың бірнеше ірі IT-компаниясына апарған едік. Мирус осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды.

Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық. Өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді. Студенттік кезден де біраз жақсы естеліктер бар, жақын араласқан жолдастары оларды айта жатар деп ойлаймын. Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын, бауырым!» –  деді ол жазбасының соңында.