Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Осыдан 7 жыл бұрын жұмыс бабымен келген Украина тумасы Қазақстан азаматтығын алды

Павлодар облысында тұратын украиналық Виталий Топтун 7 жылдан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан 7 жыл бұрын жұмыс бабымен келген Украина тумасы Қазақстан азаматтығын алды
фото: polisia.kz

Успенка ауылының 74 жастағы тұрғыны Виталий Топтун көші-қон бөліміне жүгінген. Украина азаматы 2016 жылы Қазақстанға жұмысқа келіп, осында қалуға шешім қабылдапты. Ол Украинада болып жатқан оқиғаларға байланысты өз елінің азаматтығынан шығу проблемасына тап болған. Өз еліне бару және қандай да бір құжаттарды алу егде жастағы адам үшін қиынға соғады.

Успен ауданы ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Жаннет Наукенова Қазақстандағы Украинаның өкілдігі арқылы қажетті құжаттарды алдырады. Осылайша, Виталий Топтун Қазақстан азаматы атанды. Ауыл тұрғыны көші-қон қызметкеріне өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіріп, полицейлердің жұмысы кәсіпқойлық пен адамгершіліктің стандарты деп атап өтті.