Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 3 адамды аман алып шықты

Газиантептегі объектілердің бірінде біздің құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агентттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 3 адамды аман алып шықты

 

«Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, құтқарылған адамдарды түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрған аса күрделі жағдайда жүргізілді.

«Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды», - делінген хабарламада.