Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалған Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, бұған дейін Astana Hub Бас директоры Мағжан Мәдиев әлеуметтік желі арқылы мекеменің қызметкері Мирус Құрмашев пен оның үш әріптесінен хабар жоқ екенін хабарлаған болатын. Дәлірек айтсақ, Түркияның Хатай қаласындағы жер сілкінісінен кейін Мируспен бірге әріптестері Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадиярова және Түркия азаматы Құбылай Кескін байланысқа шықпай қалған.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Мағжан Мәдиев әлеуметтік желіде жазғандай, әріптестерін іздеу үшін өзі Түркияға жолға шыққан.