Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады
фото: ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, оның ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

«Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды», - делінген хабарламада.

ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтер алдында нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сондай-ақ Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі.

«Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар – тәжірибелі мамандар, олардың азаматтарды құтқаруда және әртүрлі төтенше жағдайларды жоюда практикалық дағдылары мол», – делінген хабарламада.