Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Жер сілкінгенде Түркияда болдым» – Ләйлә Сұлтанқызы

Эфирден ойын-сауық бағдарламалар мен телесериалдарды, барлық жарнамаларды тоқтатты. Арналардың бағыты әртүрлігіне қарамастан, әрқайсысы бір-бірімен сигналдармен бөлісуде. Бұл туралы танымал тележүргізуші Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Жер сілкінгенде Түркияда болдым» – Ләйлә Сұлтанқызы
коллаж: turkystan.kz

«Жер сілкінгенде Түрік елінде болдым. Елдегі жағдайды әлемдік БАҚ болып, сағат сайын хабарлап жатыр.

Мемлекеттік арналардан бөлек, әдетте, жарнамадан көз ашпайтын жекеменшік телеарналарға дейін, ту мен қара лентаны бірден логотиптың астына шығарып қойған.

Камералар эпиорталықтарда алғашқы минуттарынан  қызмет атқарды. 5-ке бөлінген телеэкранның әр бөлігі #live режимде жүрді» деп жазды ол.

«Жер сілкінгенде Түркияда болдым» – Ләйлә Сұлтанқызы

Оның айтуынша, суреттегі журналист осы тұрғанда 30 минут көлемінде тоқтамай жаңбырдың астында оқиғаны баяндаған. Журналист мұны #кәсібилік #шынайылық #мейірімділік деп бағалады.

«Қандай жағдай болмасын, тікелей эфир үзілген жоқ. Эфирде сөйлеп тұрған журналист артында жылаған баланың даусын естіп жүгіріп кеткенде, оператор артынан қоса ерді.

Құтқару барысын баяндап тұрған қыз да,  үйінді астынан баланың дауысын естіп, шығарып алып, жұбатып жатыр. Журналистің өзі де, қоса жылап тұр. Сонда да эфир жалғасуда.

Тағы бір арнаның журналисі артында құлаған үйдің шаң-тозаң аузына кіріп, #қақалып қалса да жағдайды тоқтамай баяндауда.

Камералар да кадрға қанды алмауға барынша  тырысты. Онсыз да, жағдай ауыр болған соң, оны көрсетпеуінің себебі түсінікті.

Кәсібилігі бір бөлек, әр арнаның журналистерінің ақпарат бөлісуі де, баяндауы да басқа.  Осындайда жеделдік маңызды ғой. Жергілікті БАҚ өкілдеріне риза болдым. Халықты алаңдатып, күттірмей барлық жаңалықпен дер кезінде бөлісіп отырды.

Алла ананы баладан, баланы әке-шешеден айырмасыншы.Түрік бауырларымызға тек сабыр тілеймін. Құдай қорғасын» деп жазды ол.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен, бүгін қазақстандық ТЖМ құтқарушылары, медицина қызметкерлері Түркияға аттанды