Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алдағы сайлау елімізді түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді – Асхат Аймағамбетов

Қазіргі уақытта елімізде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Осы өзгерістердің заңда жалғасы ретінде алда өткелі отырған сайлауды айтар едім. Бұл сайлау елімізді түбегейлі өзгертуге жаңа мүмкіндіктер береді - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов "AMANAT" партиясының кезектен тыс XXV съезінде сөйлеген сөзінде.

Алдағы сайлау елімізді түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді – Асхат Аймағамбетов
фото: aikyn.kz

Экс-министр өзінің еңбек жолындағы тәжірибесін мысалға келтіріп, азаматтарды өзгерістерге сенуге, сол бағытта жұмыла қызмет етуге шақырды.

"Болашағымыз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ол үшін саяси реформаларды, білім мен ғылымды дамыту қажет. Бізге бәсекеге қабілетті білім керек. Біз, Әділетті Қазақстан дегенде кейде оған тұтынушы ретінде қараймыз. Өзімен өзі бір заң немесе шешім арқылы Әділеттілік пен заңдылық пайда болатын сияқты. Ол тек Президент, Үкімет, Әкімдіктің жұмысы сияқты болып тұрады. Анығында олай емес. Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамның барлығы түгел жұмылдыруы керек" - деді Асхат Аймағамбетов.