Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

Қазақстан Төтенше жағдайлар минитсрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
фото: ТЖМ

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық құтқарушылар борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологтар және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

 

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жарақталған.