Ұшақ Ақтөбеден Бакуге ұшқан. Атырауға шұғыл түрде қондырылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ішінде 37 жолаушы бар ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен 19:21-де (Атырау уақытымен 18:21) қонды. Ұшақ жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан қондырылды. Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын жердегі әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем алып кетті», - деп хабарлады әуе компаниясы.
Қазіргі уақытта оның өміріне төнген қауіп жоқ.
«Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді», - деп толықтырды әуе компаниясы.