06.02.2023, 11:18

Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау тоқтатылды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау бастала салысымен тоқтатылды, деп хабарлады paryz.kz

Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы қабылданды. Алайда сайттың жұмысында бірден іркіліс болды.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталған еді. Платформада тек Қазақстан аумағында тіркелуге мүмкіндік берілген болатын.