Прямая трансляция

Астана

Астана

13.65°C

Түнгі сағат үште мектепке барған: оқушының ата-анасы жазаланды

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі сағат үште мектепке барған: оқушының ата-анасы жазаланды
Фото: видеодан скриншот

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Мәлімет бойынша, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

«3 ақпанда сағат 3.26-да «102» арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен», – деді елордалық ПД өкілі.

Ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.