Атырауда БҚО-ның 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз балаларын сатты деген күдікке ілінген, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әйел бала сатып алушыларды өзі тапқан. Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр. Оларды қаншаға сатқаны әзірге белгісіз.
Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша соталды тергеу басталды.