Ақын Балтабек өзін бүгінгі күннің Бұқар жырауымын деп атады

«Жағымпаздық жырларымен» танылған ақын Балтабек Нұрғалиев өзін бүгінгі күннің Бұқар жырауымын деп таныстырып жүр. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Ақын Балтабек өзін бүгінгі күннің Бұқар жырауымын деп атады
Фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаевты және оның туыстарын жырлап, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап өлең жазып жүрген ақын Балтабек Нұрғалиев Facebook парақшасына «Бүгінгінің Бұқары Балтабектің үкіметке айтқаны» атты жаңа өлеңі мен Бұқар жыраудың суретін жариялаған. 

Оған пікір білдірушілер не үшін Бұқар жыраудың суретін қойғанын сұрады. Ал ол «мен қазіргі заманның Бұқарымын» деп жауап берген.