Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады.
«Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам. Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946.
2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен», - делінген ведомство хабарламасында.