Кімдерге жеңілдетілген автонесие берілмеуі мүмкін?

Өнеркәсіпті дамыту қоры өтініш берушінің жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысудан бас тарту себептерін айтты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап. 

Кімдерге жеңілдетілген автонесие берілмеуі мүмкін?
Фото: tengrinews.kz

Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаровтың айтуынша, өтініш үш себептен қабылданбауы мүмкін:
Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды.

Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды.

Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса.

Р. Гаппаров автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек екенін айтты.

"Осы рәсімнен аталған мерзімде өте алмағандар пулдан шығарылып, өтінімді қайтадан беруі керек. Атап айтқанда, өтінімі мақұлданған адамдар төлем шотын алу үшін автосалонға барып, кейін банктегі құжаттарды рәсімдеуі тиіс", - деді ол.

Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әди өтініш бергендердің біріне жеңілдетілген автонесие берілмеген жағдайда, ақша бір айдан кейін жаңа өтініш беретін келесі үміткерлерге аударылатынын айтты.