Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Мемлекеттен 116 680 теңге беріледі» – Отбасы банк түсініктеме берді

Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілетіні» туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы paryz.kz ақпарат агенттігі Informburo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттен 116 680 теңге беріледі» – Отбасы банк түсініктеме берді
фото: liter.kz

Әлеуметтік желіде алаяқтар «10 жылдан астам еңбек өтілі бар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарынан еңбек шегерімін ала алады» деп жалған ақпарат таратқан.

«Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «Сәлем» деген сөзді жазып жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек қана Отбасы банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлайды Отбасы банк.