Алматыда «Газель» маркалы автокөлігі өртке оранды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, түскі сағат 12:45-те Бостандық ауданы, Володарский көшесі, 33-үйдің жанында «Газель» автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер сағат 12:54-те жеткен сәтте, «Газель» маркалы автокөліктің ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталды. Үш шаршы метр аумақты қамтыған өрт 6 минут ішінде жойылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Алматы қалалық ТЖД-да оқыс оқиғаны бейне камераға түсірер алдында қауіпсіз жерде тұру қажет екенін ескертті.
«Оқыс оқиғаның куәгері болған адам уақыт жоғалтпай, кезекші бөлім 101-ге хабарлау керек, сондай-ақ, бейне камераға түсірер алдында қауіпсіз қашықтыққа тұруы керек. Себебі, оқиға орнына жақын жерде адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Газ-баллон жабдықтары қызмет көрсету станцияларының мамандандырылған орталықтарында орнатылуы қажет», - деп ескертті ТЖД.