Қызылорда облысында оқушылар мектепке кейде қайықпен қатынауға мәжбүр

Қызылорда облысының Арал ауданында бастауыш сынып оқушылары 40 жыл бұрын салынған балықшылар жатақханасында білім алып жатыр.

Қызылорда облысында оқушылар мектепке кейде қайықпен қатынауға мәжбүр
Фото: ашық дереккөз

Ал жоғары сынып оқушылары, тіпті, білім ордасына өзен арқылы қайықпен қатынауға мәжбүр болған, деп хабарлайды paryz агенттігі 31-арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Пантонный» көпірінен өтіп бара жатқанда мұз жарылып кете ме деп қорқамыз. Қайықпен өткен күндеріміз де болды. Мектепке жеткенше шаршап қаламыз», – дейді 5-сынып оқушысы Қаһарман Айжарықұлы. 

Қазір 20 оқушы мектепке алты орындық көлікпен қатынап жүр.