Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағандыда телефонды адам ойламайтын жерге жасырған әйелдің қулығы әшкере болды

Қарағанды қаласындағы уақытша ұстау изоляторында шаш ұстайтын әшкейдің ішіне ұялы телефонды жасырған әйелдің қулығы әшкере болды.

Қарағандыда телефонды адам ойламайтын жерге жасырған әйелдің қулығы әшкере болды
Фото: ашық дереккөз

Мекеме қызметкерлері оны бірден байқамай, күйеуіне келген келіншекті өткізіп жібере жаздады, деп хабарлады "Патриот" Telegram-арнасы.

Изоляторда болған жағдай бейнебақылау камерасына жазылып қалды. Мекеме қызметкері алдымен тыйым салынған заттың бар-жоғын тексеріп, ештеңе таппаған.

Ал күйеуіне келген келіншек тексерістен тезірек өтіп кетуге асығып, бақылау бөлмесінен шығып кетеді. Сол кезде бақылаушы оның басындағы сом әшекейді байқаған. Шашты ұстайтын жабдық тым үлкен болып көрініпті.

Мекеме қызметкерлері әйелді қайтадан шақырып алып, басындағы әшекейін тексерген. Күдікті матаны гүл сияқты байлап, ішіне Nokia маркалы шағын ұялы телефонды жасырғаны анықталды.
Телефон тәркіленді. Ал тыйым салынған затты алып өтпекші болған келіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетері, осы заңсыз әрекет үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.