Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Назарбаевтың кеңсесі көліктік қызметтерге мемлекеттің 65 млн теңгесін жұмсамақ

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне көліктік қызмет көрсетуге бюджеттен 65 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарбаевтың кеңсесі көліктік қызметтерге мемлекеттің 65 млн теңгесін жұмсамақ
Фото: ашық дереккөз

"Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі" мемлекеттік мекемесі; 1) мінездеме – Астана қаласында автокөлікпен Көліктік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; жоспарлы сома – 61 млн теңге; 2) мінездеме – Алматы қаласында автокөлікпен көліктік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; жоспарлы сома – 4,4 млн  теңге", – делінген Мемлекеттік сатып алу сайтындағы лот сипаттамасында.

Сондай-ақ, лот сипаттамасында бұлқаржы бір жылға бөлінетіні көрсетілген, бірақ техникалық сипаттамада автокөлік 2023 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін қолданылатыны айтылған.

Кеңсе жеке пайдалануға арналған кем дегенде бес көлікке тапсырыс бермекші. Жеке автокөлік 2008 жылдан бергі уақытта шыққан седан немесе жол талғамайтын көлік болуы керек. Сондай-ақ қызметтік пайдалану үшін кемінде төрт авто, қызметкерлер үшін кемінде бір кезекші авто және шағын автобус сатып алу көзделген. Бұл – тек Астанада жүріп-тұру үшін қажетті көліктер.

Ал Алматыда кезекшілік қызмет көрсету үшін кемінде екі автомобиль қажеттігі көрсетілген.