Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Таразда аурухана қызметкерлері жаңа туған нәрестелерді саудалаған

Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Таразда аурухана қызметкерлері жаңа туған нәрестелерді саудалаған
Фото: ашық дереккөз

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Тараз қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жаңа туған балалардың саудалау фактісін анықтады.

“Осы факт бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері ұсталды. Аталған адамдар ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қала прокуратурасының бақылауына алынды”, – делінген хабарламада.