Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бас прокуратура Челахқа қатысты істің материалдарын қайта қарап жатыр

Бас прокуратура Челахқа қатысты істің архив материалдарын қайта қарай бастады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Бас прокуратура Челахқа қатысты істің материалдарын қайта қарап жатыр
Фото: ашық дереккөз

Телеарна мәліметінше, Владислав Челахқа қатысты сот процесінің материалдары архивтен алынып, Бас прокуратураға жіберілген.

Қазақстан тарихында көп адамның өлімі бойынша сотталушы бұған дейін хатында қанды "Арқанкергеннің" бұрын белгісіз болған жайттарын хабарлауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Енді 10 жыл бұрынғы істің архив материалдары Бас прокуратурада қаралады.

Еске салайық, 2012 жылғы мамырда Алматы облысындағы биік таулы шекара бекетінде 14 шекарашы мен қорықшы өлі табылған болатын. Арқанкергеннің он бесінші әскери қызметкері Владислав Челах бірнеше күннен кейін табылды. Ол басты күдікті болды. Сол жылғы желтоқсанда сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.