Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаттарын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды akorda.kz.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Президенттің жеке Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттары тағайындалды:
Болгерт Евгений Андреевич;
Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы;
Ниязова Нурия Исмагиловна;
Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы;
Шиповских Геннадий Геннадьевич.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.