20 қаңтарда адвокат әскерге шақырылушының өзіне қол жұмсау фактісі бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Ол ДНК талдау кезінде анықталған фактілерге тергеушілердің назар аударуын сұрады. Сондай-ақ Пірәлиев сарапшылар марқұмның аузынан ер адамның биоматериалын тапқанын айтты.
«Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – ҚР Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде әскери қызметші өзіне қол жұмсады. Ол белбеуіне асылулы тұрған күйінде табылды.