«Тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Тергеуді ескере отырып, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.