Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Италияда мерт болған Қазақстан азаматының мүрдесі мемлекет есебінен жеткізіледі

Италияда көлік қағып кеткен қыздың мүрдесін Қазақстанға жеткізу мемлекет есебінен болады. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италияда мерт болған Қазақстан азаматының мүрдесі мемлекет есебінен жеткізіледі
Фото: ашық дереккөз

«Шетелде қиын жағдайға тап болған еліміздің азаматтарына көмек көрсету мақсатында Сыртқы істер министрлігінде тиісті қаражат қарастырылған. Осы орайда Қазақстан азаматтарына қатысты шығындарды мемлекет өтейді. Жақында Италияда біздің елдің азаматын көлік қағып кетіп мерт болды. Бұл қайғылы оқиға бойынша туыстары бізге өтініш жасаған болатын. Қазір марқұмның мүрдесін Қазақстанға жеткізуге қаражат бөлініп жатыр. Бұл тұрғыда тиісті құжаттар рәсімделеді», - деді А. Смадияров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Италияның Салерно қаласында 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып, мерт қылды.

Аталған елдің жергілікті БАҚ таратқан мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға Салерно қаласында болған. 17 қаңтар күні Peugeo көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші Джузеппе Верди опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында студент қызды қағып кеткен.