Қазақстанда рәміздерді қорлағандар 10 миллион теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.
Еске сала кетейік, былтыр Алматыда "Ирина Кайратовна" мен Shiza концертінде топ мүшелері мемлекеттік туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан еді.