Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұрсұлтан Назарбаев тегін емделіп жатыр ма?

Бүгін Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне емдеу-диагностикалық процедура жасалғаны хабарланды. Ем тегін жүргізілді ме? Бұл сауалға Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев тегін емделіп жатыр ма?
Фото: ашық дереккөз

«Аталған емдеу процедурасы барлық азамат үшін тегін. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Қаржы жағынан алғанда бұл қымбат процедура. Қуанышқа қарай, Қазақстан азаматтарының тегін емделу мүмкіндігі бар», - деді Юрий Пя елордада өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа ел қатарлы қызмет көрсетіліп жатыр.

«Қазір пациенттің жанында емдеуші және кезекші дәрігер бар. «Ерекше жағдай жасалды ма?» дегенге келсек, бізде VIP деген түсінік жоқ, барлық клиент бірдей», - дейді ол.

Сондай-ақ, маман тұңғыш президенттің кардиохирургия орталығы ашылған сәттен консультациядан өтіп тұратындығын жеткізді.