Жамбыл облысында базар өртенді

Бүгін сағат 13:22-де Жамбыл облысы ТЖД өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарында жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жамбыл облысында базар өртенді
Фото: ашық дереккөз

Құтқарушылардың күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылған. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің ауданы – шамамен 1500 шаршы метр. Ғимаратта сауда бутиктері, киім-кешек, ойыншықтар, екінші қабатта мата мен перде сату бөлімдері орналасқан», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртке қарсы Жамбыл облысы ТЖД-ның 50-ден аса өрт сөндірушісі мен 16 техника жұмылдырылды.