20.01.2023, 14:47

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарын ұстап берген азамат 12 млн теңге сыйақы алды

Фото: ашық дереккөз

Антикор мәліметінше, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды.

2022 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары жайлы хабарлаған 134 азаматқа 40,6 миллион теңге төленген.

Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.