Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Қазақстан Республикасының экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды
Фото: ашық дереккөз

Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында бөлісті.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қазір бақылауда. Ота Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Ю. Пяның жетекшілігімен өтті", - деп жазды ол парақшасында.