Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша тергеуді мұқият жүргізуді жүктеді. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-те жазды.

Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды
Фото: ашық дереккөз

«Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», - деп жазды Р. Желдібай.