Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы қайта таңдалатын болды

Конкурс нәтижесі бойынша кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы тұрғындардың қызу пікірталасынан кейін қайта таңдалатын болды, деп хабарлайды Paryz.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы қайта таңдалатын болды
Фото: ашық дереккөз

«Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.

Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды», - делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook-парақшасында.

Еске салайық, 18 қаңтар күні өңір әкімдігі төлтаңбаны таңдау конкурсының нәтижесін жариялаған болатын. Конкурсқа республиканың түпкір-түкпірінен 130-ға жуық ұсыныс түскен. Барлық эскиздер 2022 жылғы 12-18 желтоқсан аралығында арнайы ұйымдастырылған көрме аясында Жезқазған тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған.

Ұлытау облысының төлтаңбасын тұрғындар Instagram-да танымал парақшалардың бірінде дауыс беру арқылы таңдаған. Нәтижесінде ұлытаулық дизайнер, Еуразия дизайнерлері одағының мүшесі Шахибаден Сейіткеновтің жұмысы жеңіске жеткен.

Төлтаңбаны таңдау бойынша арнайы комиссия да құрылған. Оның құрамына өңірге танымал ғалымдар, суретшілер, тарихшылар және құрметті ардагерлер енген.