Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Астанада ерекше балаларды ұрған тәрбиешілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласындағы «Балам-ай» орталығы тәрбиешілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада ерекше балаларды ұрған тәрбиешілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан скриншот

“17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны "Балам-Ай" баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді. “Алматы" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады”-деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.