19.01.2023, 10:34

«Қыздай»: Динара Сәтжанның мінсіз мүсіні көпшілікті таңғалдырды

фото: әлеуметтік желіден

Қақаған аязда даладағы мұздай суға түскен Динара Сәтжанның мінсіз мүсіні көптің көзіне түсті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Мұзойыққа бірінші рет түсіп тұрмын. Десе де, маған ұнады. Контент үшін не істемейсің?”, – деп жазды Динара.

МұзоАл желі қолданушыларының басым бөлігі тележүргізушінің сымбатты мүсініне тамсана қарап, мақтау сөздерін жарыса жазды. “Динара мүсініңіз керемет”, “Сондай жас көрінесіз”, “Мүсініңіз от екен”, “ Өз-өзіне жақсы қарап, күтім жасағанның нәтижесі осындай болады”, “Қыздай”, – деп жазды желідегілер.