18.01.2023, 17:45

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді

фото: Facebook/Aidarbek Khojanazarov

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының  халыққа қызмет көрсету орталықтарының  бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз – еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі – ортақ ортақ жеңісіміз. Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті – деп жазды ол.

Айта кетсек, партияның тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.