Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкерінің ісі тексеріліп жатыр

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкерінің ісі тексеріліп жатыр
Фото: ашық дереккөз

“Журналистердің арызы бізге келіп түсті, тексеріліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады”, – деді Шындалиев.

Оның сөзінше, Мейрамбай Кемалов әлі жұмысында жүр

Еске салайық, бұдан бұрын Парламент Мәжілісі ғимаратында Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов журналистерге тіл тигізіп, мұның арты дауға ұласқан еді.

Журналистер оның үстінен Бас прокуратураға арыз жолдады.

“Кемалов – заң қадағалаушы органның қызметкері. Оған қоса, Бас прокуратураның Мәжілістегі жауапты өкілі. Соған қарамастан, қарапайым этика нормаларынан аттап, журналистерге тіл тигізді, адамның ар-намысына тиетін сөз айтты. Одан кейін бір залға кіріп кетті де, ізім-ғайым жоғалды. БАҚ өкілдерінен кешірім сұраған да жоқ”, – дейді журналистер.