Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақсайда екі күннен бері ереуілде тұрған мұнайшылар Тоқаевқа видеоүндеу жолдады

«Мәселемізді шешіп беруіңізді талап етеміз» дейді президентке видеоүндеу жолдаған мұнайшылар.

Ақсайда екі күннен бері ереуілде тұрған мұнайшылар Тоқаевқа видеоүндеу жолдады
Фото: ашық дереккөз

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлының назарына! Біз Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Ақсай қаласындағы KKC-Sicim ЖШС жұмысшылары атынан үндеу жолдаймыз. Қазіргі қымбатшылыққа байланысты және біздің жұмыс денсаулыққа зиян болғандықтан, басшылықтан еңбекақыны 50% мөлшерінде көтеруді талап етеміз», - дейді жұмысшылар.

Компания қызметкерлері 2023 жылдың 16 қаңтарында бейбіт шеруге шыққанын, алайда талап қойылғанымен, басшылық оны орындамағанын айтады.

«Осы мәселесімізді шешіп беруіңізді сізден талап етеміз, сұраймыз», - дейді олар.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысындағы KKC-Sicim мұнай компаниясының  700-ге жуық жұмысшысы осы жылдың қаңтар айынан бастап жалақыны 50% көтеруді талап етті. Олар талап толық орындалғанша наразылықты тоқтатпайтынын жеткізді.

Бүгін Үкімет кулуарында KKC-Sicim мұнай компаниясы қызметкерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірген  Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мұнайшылардың талабы орынсыз деп есептейді.

“Ереуілге шыққан жұмысшылардың талабы орынсыз деп есептеймін. Компанияда ұжымдық келісімшарт бар, сондай-ақ, қызметкерлердің әрбірімен жеке еңбек шарты бар. Құжатта көрсетілген жұмыс берушінің міндеттемелері ішінде жалақыны 50% көтеру туралы сөз жоқ. Келісімшарт бойынша тек 20%-ға көбейтуге мүмкіндік бар”, – деді аймақ басшысы.