Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Франция Әблязовті Қазақстанға қайтара ма?» Бас прокуратура жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

«Франция Әблязовті Қазақстанға қайтара ма?» Бас прокуратура жауап берді
фото: vlast.kz

Ол Мұхтар Әблязовты қайтарудың жолдары жайлы айтты.

Тергеу жұмысымен таныс емеспін. Оны нақты білмеймін. Қазіргі таңда Әблязовқа қатысты Қазақстанда екі қылмыстық іс қозғалған. Олар бойынша шешім бар. Франция бізге Әблязовті бермесе де, өз жерінде оған қатысты іс қозғалды. Ол қылмыстық іс бойынша Әблязовтің адвокаттары шешімді апелляцияға берді. Апелляция бір ғана мәселе бойынша олардың сұрақтарын қанағаттандырды. Бұл шешімге қазір Париждің прокуроры наразылық берді. Ол қазір сотта қаралып жатыр - деді Шыңдалиев.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын қабылдаған болатын.