Үкімет тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.
Жарлыққа сәйкес, жаңа атау – «мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия».
Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалады.