Головкин-Шеремета жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

38 жастағы қазақстандық 2019 жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін алғаш рет рингке шығады.

Головкин-Шеремета жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: ашық дереккөз

19 желтоқсанда 31 жастағы Шереметаға қарсы күресте GGG IBF чемпионы атағын қорғайды деп хабарлады paryz.kz

Qazaqstan және Qazsport телеарналары бокс кешін тікелей эфирде  көрсетеді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4.00-де басталады.ь

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен ешқашан жеңілмеген боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы жекпе-жек Холливуд қаласында (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.

38 жастағы қазақстандық 2019 жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін алғаш рет рингке шығады. 31 жастағы Шереметаға қарсы күресте GGG өзінің IBF чемпионы атағын қорғайды.

Сондай-ақ бокс кешінің андеркардында кезекті жекпе-жекті екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпионы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) өткізеді. Оның қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора, ол өткізген 18 жекпе-жектің бәрін жеңіспен аяқтаған, оның 13-ін нокаутпен жеңген.