Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасынан екі адамның денесі табылды

Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасындағы үйінділердің астынан екі заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасынан екі адамның денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облыстық полиция департаментінінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.

«Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520 көкжиекте кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Материалдарды алғашқы жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталды, олардың бірі – 1986 жылы туған Бестөбе кентінің тұрғыны, бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екіншісі Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны», - делінген хабарламада.

Куәгердің, сондай-ақ заңсыз алтын іздеушінің айтуынша, ер адамдардың денесі үйілген кендердің астынан табылып, кейін басқа іздеушілердің көмегімен жер бетіне шығарылған.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді (қорғалатын объектіге заңсыз кіру)», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу ісі жалғасып жатыр.