16.01.2023, 17:05

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

фото: www.avex.lv

Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпараттық даму министрлігінің хабарлауынша, 18 қаңтар, 2023 жыл, сағат 03:00-17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желі сервистері жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”, – делінген хабарламада.