Атырауда мейрамханада жаппай төбелесе қатысқандардан суық қару тәркіленді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қаңтарда сағат 05:10 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы Темірханов көшесінің бойындағы мейрамханада жанжал шығып, 10 адам полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ төбелеске бір кәмелетке толмаған жеткіншек пен бір әйелдің қатысқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
«Олардан қару тәркіленіп, құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды», - делінген хабарламада.