Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО-дағы полицейдің өліміне қатысты тың мәлімет шықты

Шығыс Қазақстан облысындағы алматылық тасжолдағы полицейдің жұмбақ өлімі "Жол ережесін бұзу" бабы бойынша қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО-дағы полицейдің өліміне қатысты тың мәлімет шықты
Фото: tengrinews.kz

Айта кетейік, былтыр полицей жұмбақ жағдайда қаза болғаны хабарланған еді. Полиция қызметкерінің денесі басы қызметтік көліктің есігіне қысылған күйі табылған болатын.

Марқұмның әріптесі қасында болған, ол жүргізушінің орнында отырған. Ол күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Күдікті тергеу тобына ол ұйықтап тұрғаннан кейін әріптесін өлі күйінде тапқанын айтқан. Полиция қызметкері әріптесі көлікте жоғын бірден байқамаған. Оқиға орнында марқұмның аяқкиімі табылған және оны әлдекім сүйрегені анықталған.

Былтыр 10 қазанда бұл іс бойынша соталды тергеу басталған. Алайда қазір бұл іс қайтадан басқа баппен қаралып жатқаны анықталды.

"Инспектордың қайтыс болу дерегі Қылмыстық кодекстің 345-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деді Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті өкілдері.