Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Полиция пойыздағы төбелеске қатысты пікір білдірді

Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы төбелесіп қалған, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция пойыздағы төбелеске қатысты пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

Басылым мәліметінше, 30 желтоқсанда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы арасында орын алған құқықбұзылушылыққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аумақ бойынша Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімімен тергеп-тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, видеода ер адам болжам бойынша пойызда сауда жасап жүрген әйелмен төелесіп қалғанын көруге болады. Ер адам әйелдің ішінен теуіп жіберген.

Одан бөлек, алғашқы тексеруде пойыздың 37 жастағы жолаушысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабы (Қоғамдық орында сауда сату) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойыз басшысы Р-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

17 қаңтарда жоғарыда аталған әкімшілік істер Тараз қаласының Арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жолданатын болады.